Құрметті абоненттер!
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы №295 бұйрығына (2026 жылғы 3 наурыздағы №77 редакциясында), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 107-бабының 4-тармағына сәйкес, есепке алу аспаптарын алғашқы рет орнату немесе ауыстыру кезінде деректерді қашықтан беру (цифрлық телеметрия) мүмкіндігі бар есептеуіштер орнатылуы тиіс.
Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында су есептеуіш аспаптары үшін деректерді берудің базалық технологиясы NB-IoT технологиясы болып табылады. Байланыс операторларының NB-IoT желісінің тұрақты қамту аймағы жоқ елді мекендерде немесе олардың жекелеген аймақтарында ғана деректерді LoRaWAN технологиясы арқылы беретін су есептеуіш аспаптарын орнатуға рұқсат етіледі.
Назар аударыңыз: Жұмыс істеп тұрған есептеуіштерді жаппай мерзімінен бұрын ауыстыру талап етілмейді. Ескі жұмыс істеп тұрған аспаптарды қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін немесе істен шыққанға дейін пайдалануға болады. Жаңа талаптар тек жаңадан орнатылатын және ауыстырылатын құрылғыларға ғана қатысты.
Уважаемые абоненты!
В соответствии с приказом Министерства промышленности и строительства РК от 8 августа 2025 года №295, в редакции от 3 марта 2026 года №77, а также пунктом 4 статьи 107 Водного кодекса РК, при первичной установке или замене приборов учета должны устанавливаться счетчики с дистанционной передачей данных (цифровой телеметрией).
Согласно приказу, базовой технологией передачи данных для приборов учета воды на территории Республики Казахстан является технология NB-IoT. Установка приборов учета воды с передачей данных по технологии LoRaWAN допускается исключительно в населенных пунктах либо их отдельных зонах, где отсутствует устойчивое покрытие сети NB-IoT операторов связи.
Обратите внимание: Массовая досрочная замена исправных счётчиков не требуется. Старые рабочие приборы можно использовать до конца срока службы или до поломки. Новые требования касаются только новых установок и замен.

